
Бұйрық жобасы қала құрылысы жобаларының құрамында Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жоспарлау бойынша толықтырулар мен өзгерістерді, азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарына қойылатын кейбір талаптарды көздейді. Сонымен қатар «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларына сәйкес қарапайым баспаналар жөніндегі нормалар толықтырылды.
Сонымен қатар бұйрық жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылған.
Талқылау үшін бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.