01 қыркүйекте Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. 01 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, 02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 01 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз 02 қыркүйекте басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. 01-02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
31 тамыз-02 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
2024 жылдың 2-3 қыркүйек аралығында Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қ. маңындағы таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
02 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 03 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр қарға ұласады, 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз қатты жаңбыр, күннің екінші жартысында жаңбырдың жылбысқы қарға ұласуы күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 02 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
02 қыркүйекте күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 02 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
02 қыркүйекте Алматы облысынын таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 02 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 02 қыркүйекте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
02 қырүйекте күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 13-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 02 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 02-03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. 02-03 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 02-03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 02-03 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 02 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел осғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 02 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
02 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 02 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 02 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 02 қыркүйекте шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
02 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 02 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 02 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
02 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Астана қ.: 02 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 02 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
02 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 02 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі.
02 қыркүйекте Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 02 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.