МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Шымкент қ.: 01 қыркүйек төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

01 қыркүйекте Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. 01 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, 02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

01 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз 02 қыркүйекте басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. 01-02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

01-02 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

01 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

 01 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с. 01 қыркүйекте облысың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.       

01 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.

01 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с күтіледі

01 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

01 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

01 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйек Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.       

 

 

 

Дата публикации
31 августа 2024
Дата обновления
31 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы