
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу жоспарының 35-тармағына сәйкес «Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ТЖМ бұйрығының жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасы азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін айқындауға бірыңғай тәсілдерін әзірлеуді көздейді, бұл азаматтық қорғау құралымдарының дайындығын бағалаудың субъективтілігін жоққа шығаруға және олардың дайындығын айқындау процесін регламенттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұйрық жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылған.