МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

29-30 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 29 тамызда  күндіз жоғары өрт қауіпі күтіледі.

29 тамызда таңертең және күндіз Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 24-29 м/с.

Облыстың батысында, солтүстігінде жөғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 29 тамызда жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 24-29 м/с.          

29 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.

29 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 30 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 29 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

29-30 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

29-30 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 29 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 29 тамызда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

29 тамызда түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 29 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 29 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 29 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан  жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Астана қ.: 29 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында                                   екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Петропавл қ.: 29 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

29 тамызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде                                   екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 29 тамызда түнде тұман күтіледі.

29 тамызда Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

29 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 29 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 29 тамызда түнде және таңертең тұман күтіла тұман күтіледі.

Дата публикации
27 августа 2024
Дата обновления
27 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы