МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескерту 2024 жылғы 24 тамыздан

25 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 25 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 тамызда Атырау облысы бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ:  25 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 тамызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 25 тамызда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады. 25 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

25 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Астана қ.:25 тамызда найзағай күтіледі. 25 тамызда күндіз жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 күтіледі. Көкшетау қ.:25 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.                             

25 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 25 тамызда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

25 тамызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 25 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 тамызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 25 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 25 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 тамызда Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 25 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 25 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 тамызда Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 25 тамызда жоғары өрт қауіпі өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 25-27 тамыздатөтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 25 тамызда күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 25-27 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 25-27 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

25 түнде, 26 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 25-26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 25-26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 25 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

25 тамызла Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.

25 тамызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 25 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
24 августа 2024
Дата обновления
24 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы