
Дауылды ескертулер 2024 жылғы 19 тамыздан
21-22 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 20-22 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 20-22 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
2024 жылғы 18 тамыздан 19-21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
2024 жылғы 20 тамыздан
21 тамызда күндіз Абай облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 21 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
21 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 21 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
21 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 21 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 21 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 21 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
21 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
21 тамызда күндіз Атырау облысы бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 21 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертен тұман.
21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Астана қ.: 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 21 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 21 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
21 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 21 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Павлодар қ.: 21 тамызда түнде найзағай күтіледі.
2024 жылғы 20 тамыздан
2024 жылғы 20 тамыздан
Алматы облысы: ҚХР аумағынан су тасталымының ұлғаюы салдарынан Добын ай. – Іле ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 464 см (қауіпті деңгей – 490 см). Гидрологиялық бекетте су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, сонымен қатар су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті су деңгейінен асқан жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.