МЧС

Меню

Страницы

Статья

Штормовые предупреждения

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

 Астана қ.: 20 тамызда күндіз қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 20-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

 20-21 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

20 тамызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей кақыттарда қатты жаңбыр найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, дауыл. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 тамызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

20 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

20 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі.

20 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда күндіз Атырау облысы бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

20 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

21-22 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 20-22 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
19 августа 2024
Дата обновления
19 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы