
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 19 тамызда күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Гидрология департаметі:
2024 жылдың 18-19 тамызда аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2024 жылғы 18-19 тамыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2024 жылдың 17-19 тамыз аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Гидрометорталық:
19 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 19 тамызда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
19 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 19 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
19 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ.: 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19 тамызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 19 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Көкшетау қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
19 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 19 тамызда найзағай, күндіз бүршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
19 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
19 тамызда Ұлытау облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
19 тамызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ: 19 тамызда түнде найзағай күтіледі.
19 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі.
19 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
19-21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
19 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 19 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 тамызда түнде Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытка ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 19 тамызда түнде найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 19 тамызда түнде жел солтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-шығыс бағытка ауысады екпіні 18-23 м/с.
19 тамызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 19 тамызда түнде найзағай күтіледі.