
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Алматы қ.: 12 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 12-16 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
2024 жылдың 10–12 тамыз аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
12 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. 12-16 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
12 тамызда күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
12 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
12 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
12 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дуыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, шығысында сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, онтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстгінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12 тамызда күндіз, 14 тамызда тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 13-14 тамызда күндіз солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 тамызда күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.