
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 11-16 тамызда күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Гидрология департаменті
2024 жылдың 10–12 тамыз аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
10 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10-11 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 тамызда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
10-11 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10-11 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
11 тамызда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 11 тамызда төтенші өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 11 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
11 тамызда түнде Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
11 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 11 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
11 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай: 11 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі.
11 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.
11 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
11 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
11-16 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
11 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.