МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 10 тамызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыздың 20 сағ. аралығы

10 тамызда кешке Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.  Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қонаев қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Төтенші өрт қауіпі сақталады.

 

№05 КҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

10 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстік жартысында, орталығында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыздың 20 сағ. аралығы

10 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ: 10 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыздың 20 сағ. аралығы

10 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде  найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 10 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

10 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 10 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

10 тамызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

10 тамызда күндіз Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 10 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 10 тамыз 20 сағ. аралығы.  

10 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 10 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей уақытта найзағай. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

 № 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

                                                                                       

10 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 10 тамызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

        

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 10 тамыздың 20 сағ. аралығы

10 тамызда Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 10 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең тұман күтіледі.  Жел солтүстік-батыстан соғады түнде екпіні 15-20 м/с.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы.

                                                                            

10 тамызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

10 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 10 тамызда түнде найзағай күтіледі.

 

№ 05 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 11 тамыздың 20 сағ. аралығы

10 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10-11 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 тамызда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

10-11 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 10-11 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№05 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

 

10 тамызда түнде Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

 

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыздың 20 сағ. 10 тамыздың 20 сағ. аралығы

 

10 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

 

10 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Атырау қ:  10 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 тамыздан 2024 ж. 09 тамыз 20 сағ. 2024 ж. 10 тамыз 20 сағ. аралығы

 10 тамызда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы