МЧС

Меню

Страницы

Статья

Даулды ескертулер

Дауылды ескерту

2024 жылғы 02 тамыздан

05 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 05-06 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

05-06 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қ:  06 тамызда күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 05-07 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

05-07 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-08 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

06-07 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-07 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
06-07 тамызда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-08 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
07-08 тамызда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.03-08 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

07-09 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-09 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

09 тамызда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

09 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

09 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 04-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

2024 жылғы 03 тамыздан

04-05 тамызда күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 04-05 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 04-05 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.   

2024 жылғы 04 тамыздан

05 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 тамызда күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ:  05 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

05 тамызда түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Ақтау қ.: 05 тамызда түнде найзағай күтіледі.

05 тамызда күндіз Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.                                                                           

05 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

05 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 05 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

05 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20  м/с. Петропавл қ.: 05 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

05 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 05 тамызда таңертен және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

05 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 05 тамызда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

05 тамызда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 05 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 05 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

05 тамызда Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 05 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

05-06 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 05-06 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 05-06 тамызда аралығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

05 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 05 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 05 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
04 августа 2024
Дата обновления
04 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы