
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 04 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы қ.: 04 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
04 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
04-05 тамызда күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
04 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңлтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда түнде Ұлытау облысынның солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
04 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда күндіз Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
04 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
04 тамызда түнде Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі.
Дауылды ескерту сақталады:
05 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
05-06 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
05-06 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Атырау қ: 06 тамызда күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
05-07 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
05-07 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-08 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
06-07 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-07 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
06-07 тамызда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-08 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
07-08 тамызда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-08 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
07-09 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-09 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
09 тамызда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
09 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
03-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
09 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
04-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
04 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 04 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 04 тамызда күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.
04 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі күтіледі.