МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 02 тамызда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 01-02 августа  күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 02 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

01 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында, 02 тамызда тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан  жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 тамызда күндіз, 02 тамызда тәулік бойы Жамбыл облысының  таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-02 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 01-02 тамызда күндіз облыстың солтүстік-батысында 41 градус қатты ыстық күтіледі.  
01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

01-03 тамызда күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 01-03 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенші өрт қауіпі сақталады.                                                         

02 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні     15-20  м/с.

02 тамызда Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі облыстың оңтүстігінде сақталады, солтүстігінде, орталығында күтіледі.                        02 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

02 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда түнде Қарағанды облысында солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстгінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

02 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 тамызда Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 тамызда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі.

Дата публикации
01 августа 2024
Дата обновления
01 августа 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы