МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

2024 жылғы 31 шілдеден

Астана қ.: 01 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.                                                                                          

01 тамызда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

01 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында, 02 тамызда тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан  жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 01-02 августа  күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қонаев қ.: 01-02 августа  күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

01 тамызда күндіз, 02 тамызда тәулік бойы Жамбыл облысының  таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-02 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.  01-02 тамызда күндіз облыстың солтүстік-батысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Тараз қ.: 02 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01-02 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

31 шілдеде күннің екінші жартысында Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, 01 тамызда күндіз басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 01 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 31 шілдеде күннің екінші жартысында, 01 тамызда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

01-03 тамызда күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 01-03 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенші өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 01-03 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 01-03 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.     

01 тамызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 01 тамызда түнде найзағай күтіледі.

01 тамыз түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 тамызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз  35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 01 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

01 тамызда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.                                            

01 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

01 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өрт қауіпі сақталады.

01 тамызда күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 01 тамызда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.

01 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 01 тамызда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Семей қ: 01 тамызда жоғары өрт қауіпі күтіледі.                                                                         

01 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

01 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
01 тамызда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
31 июля 2024
Дата обновления
31 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы