
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 31 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Алматы қ.: 31 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Шымкент қ.: 31 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
31 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, тәулік бойы 31 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
31 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенші өрт қауіпі күтіледі.
31 шілдеде таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
31 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
31 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
31 шілдеде Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
31 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
31 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
31 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
31 шілдеде түнде Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.
31 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
31 шілдеде күндіз Ұлытау облысының батысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
31 шілдеде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.