
Дауылды ескертулер
2024 жылғы 24 шілдеден
25-29 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ.: 27-29 шілдеде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 25-29 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
26-28 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
26-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының батысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
2024 жылғы 26 шілдеден
27-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 27-28 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 27-28 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
2024 жылғы 27 шілдеден
28 шілдеде таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
28 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
28 шілдеде түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 28 шілдеде түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
28 шілдеде Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
28 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 28 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 шілдеде Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
28-29 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 28-29 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қ.: 28-29 шілдеде жоғары өрт қаупінен (4 класс) төтенше өрт қаупіне (5 класс) дейін жоғарылауы күтіледі.
28 шілдеде күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады.
28 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 28 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
28 шілдеде Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде Ұлытау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
28 шілдеде Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 28 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
28 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.