МЧС

Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі турлы ақпарат және дауылды ескертулер

Жер сілкінісі турлы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының мәліметі бойынша, бүгін сағат 9:54-те Қостанай облысының Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері кетті.

 

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

 Астана қ.: 27 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 Алматы қ.: 27 шілдеде  күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

 27-29 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 27-29 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

 27-28 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

 27-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының батысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

 27 шілдеде күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 27 шілдеде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

27 шілдеде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 27 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде күндіз басым бөлігінде Жетісу облысының 35-39 градус қатты ыстық сақталады.  

27 шілдеде күндіз Түркістан облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады.

27 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

27 шілдеде Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде  түнде Алматы облысының солтүстігінде, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

 27-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 27-28 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.

27 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

27 шілдеде Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

27 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Дата публикации
26 июля 2024
Дата обновления
27 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы