МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 26-29 шілдеде күтілетін

дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:      

25-29 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

25-29 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

26-28 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

26-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының батысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

26 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

Қостанай қ.: 26 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Астана қ.: 26 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 26 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

26 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 26 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

26 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар қ.: 26 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

26 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жезқазған қ.: 26 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 шілдеде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 26 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с                                                                          

26 шілдеде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 26 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Орал қ.: 26 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.   

26 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, шығыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

26 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 26 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

26 шілдеде түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 26 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

26 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 26 шілдеде күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қ.: 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

26 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 26 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.

26 шілдеде  күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматы қ.: 26 шілдеде  күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Қонаев қ.: 26 шілдеде  күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

26-27 шілдеде күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: 26-27 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

26 шілдеде күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Семей қ.: 26 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

26 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Дата публикации
26 июля 2024
Дата обновления
26 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы