МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 25 шілдеде  күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкент қ.: 25 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

25-29 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 25-29 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

26-28 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне
(5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

26-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының батысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 26-28 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

25 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.                                                                         

25 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

25 шілдеде Ақтөбе облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстік жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.      25 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

25 шілдеде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

25 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-шығысқа аусыады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.  Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.  
25 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 шілдеде  күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

25 шілдеде күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Дата публикации
24 июля 2024
Дата обновления
24 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы