
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 22 шілде күндері күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Гидрология департаменті:
2024 жылдың 19-22 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Гидрометорталық:
22 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
22 шілдеде түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 22 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 22 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі.
22 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай қ.: 22 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
22 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 22 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
22 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 22 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 шілдеде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ.: 22 шілде түнде найзағай күтіледі.
22 шілдеде Ұлытау облысының бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
22 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Семей қ.: 22 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
22 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 22 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
22 шілдеде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 22 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
22 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
22 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
22 шілдеде күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.