
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 21 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы қ.: 21 шілдеде түнде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
21 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
21 шілдеде түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
21 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тауларында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде күндіз Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
21 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
21 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жанғала ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 шілдеде түнде Атырау облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
21 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
2024 жылдың 19-22 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.