МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес  2024 жылдың 18-20 шілде күндері күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Гидрология департаменті:

2024 жылдың 16-18 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2024 жылдың 17-20 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Гидрометорталық:

17-18 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда               15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 17-18 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.                                         Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

18 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Орал қ.: 18 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 шілдеде күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ:  18 шілдеде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 шілдеде Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

18 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 шілдеде түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

18 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 18 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Көкшетау қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі.

18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 18 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

18 шілде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар қ.: 18 шілде найзағай күтіледі.                        

18 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі.

18 шілдеде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 18 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай.

18 шілдеде түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

18 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

2024 жылдың 17-21 шілде аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы қаупі сақталады.

18 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

18 шілдеде түнде Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады,  күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады,  күндіз екпіні 15-20 м/с.

18 шілдеде Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.

Алматы қ.: 18 шілдеде кей уақытта бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

Қонаев қ.: 18 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.

18 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Талдықорған қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі.

2024 жылғы  18-20 шілде аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Дата публикации
18 июля 2024
Дата обновления
18 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы