МЧС

Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі туралы ақпарат және дауылды ескертулер

Жер сілкінісі туралы ақпарат

 

2024 жылғы 15 шілдеде сағат 03.41-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталағы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің координаттары:

Жер сілкінісінің координаттары: 49.165 с.е. 86.412 ш.б.

Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 990 км (Қатон-Қарағай а.59 км) жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы (баллмен): ҚР аумағында сезілген жоқ.

 

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 15 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 15 шілде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 15 шілдеде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде Ақмола облысының батысында, орталығында, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35  градус қатты ыстық сақталады.

15 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

15 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

15 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде  екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солүстік-батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі, түнде облыстың солтүстік-шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20  м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 15 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

15 шілдеде таңертең және күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 шілде күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Дата публикации
14 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы