МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

 2024 жылғы 10 шілдеден

2024 жылдың 11-14 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 2024 жылғы 12 шілдеден

13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде солтүстігінде, шығысында, орталығында, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 шілдеде Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 13 шілдеде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

13 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 13 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

13 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15 м/с.                

13 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 13 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

13 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

13 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. 

13 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 13 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында, батысында найзағай. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі

13 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі.

13 шілдеде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 13 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 13 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

13-14 шілдеде таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 13-14 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 14 шілдеде екпіні 25 м/с күтіледі. 13-14 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары қауіпі сақталады. Тараз қ.: 13-14 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 13-14 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Алматы қ.: 13 шілде күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 13 шілде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

13 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Дата публикации
12 июля 2024
Дата обновления
12 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы