МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 11 шілдеде  найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

07-12 шілде аралығында Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс)  төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

07-12 шілде аралығында Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

07-12 шілде аралығында Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарында төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

Шымкент, Түркістан қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

07-12 шілде аралығында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

Тараз қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

11 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғанды, облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

11 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

11 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі  Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстңгінде, шығысында бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

11-12 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 11-12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.

11 шілдеде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

11 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.  Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

11 шілдеде Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

11 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауыспалы, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

11 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз тауды екпіні 15-20 м/с.

11 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

11 шілдеде күндіз Ұлытау облысының  батысында найзағай күтіледі.

Дата публикации
10 июля 2024
Дата обновления
10 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы