
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 09-12 шілде күндері күтілетін апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
№ 35 АГҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 05 шілдеден
2024 жылғы 06 шілде 20 сағ. 12 шілде 20 сағ. аралығы
07-12 шілде аралығында Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
07-12 шілде аралығында Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
07-12 шілде аралығында Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарында төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
Шымкент, Түркістан қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
07-12 шілде аралығында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
Тараз қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Гидрология департаменті
№3 АГҚ дауылды ескерту
08.07.2024 ж. сағ. 12:00
2024 жылдың 8-10 шілде аралығында Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
№ 07 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: 09 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 09 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
№ 08 КҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 09 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
№ 05 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілденің 20 сағ. 10 шілденің 20 сағ. аралығы
09-10 шілдеде Жамбыл облысының тауда қатты жаңбыр күтіледі. 09 шілдеде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, 10 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 09-10 шілдеде онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 09 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Семей қ.: 09 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Орал қ.: 09 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Атырау қ.: 09 шілдеде күннің соңында найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
№ 06 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.
Ақтау қ.: 09 шілдеде 40 градус қатты ыстық сақталады.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 09 шілде 08 сағ. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
Ақтөбе қ.: 09 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 09 шілде 05 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы.
09 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілденің 20 сағ. 09 шілденің 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қ.: 09 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 09 шілде 20 сағ. аралығы.
09 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде түнде Қарағанды облысының шығысында, орталығында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қ.: 09 шілдеде түнде найзағай күтіледі.
№ 08 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі.
№ 07 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 08 шілдеден
2024 ж. 08 шілде 20 сағ. 2024 ж. 09 шілде 20 сағ. аралығы
09 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тауларда екпіні 15-20 м/с.