
Дауылды ескертулер
2024 жылғы 05 шілдеден
07-12 шілде аралығында Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
07-12 шілде аралығында Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
07-12 шілде аралығында Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарында төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
Шымкент, Түркістан қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
07-12 шілде аралығында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.
Тараз қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
2024 жылғы 07 шілдеден
08 шілдеде Ақмола облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
08 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 08 шілде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр найзағай, бұршақ, күтіледі.
08 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
08 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 08 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
08 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: 08 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Қонаев қ.: 08 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
08 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 08 шілдеде найзағай күтіледі
08 шілдеде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 08 шілдеде таңертен және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 шілдеде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
08 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
08 шілде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 35градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 08 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
08 шілде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: 08 шілде күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
08 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады. Ақтау қ.: 08 шілдеде күндіз найзағай күтіледі, 39 градус қатты ыстық сақталады
08 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.
08 шілдеде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 08 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 шілдеде Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
08 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
2024 жылдың 08-10 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.