МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 07 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 07 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

07-12 шілде аралығында Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпінен (4 класс)  төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.

07-12 шілде аралығында Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

07-12 шілде аралығында Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарында төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

Шымкент, Түркістан қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

07-12 шілде аралығында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс ) сақталады.

Тараз қ.: 07-12 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

2024 жылдың 05-07 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

07 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

07 шілде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

07 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. 07-08 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады.

07 шілдеде түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық сақталады.

07 шілдеде түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде  найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

07 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

07 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

07 шілдеде Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

07 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

07 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

07 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

07 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

07 шілдеде түнде Жамбыл облысының солтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

07 шілдеде таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

07 шілдеде Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
06 июля 2024
Дата обновления
06 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы