МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 03 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында 01-06 шілде аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс)  төтенше (5 класс) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.

2024 жылдың 1-3 шілде аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

03 шілдеде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында батыстан жел соғады 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.

03 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

03 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 шілде таңертең және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с.    Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

03 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 шілдеде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 шілде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
02 июля 2024
Дата обновления
02 июля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы