МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 29 маусымда түнде найзағай күтіледі.
Алматы қ.: 29 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Ақмола облысында 26 - 28 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-38 градусқа дейін көтерілуіне байланысты облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Павлодар облысында 26 - 28 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-37 градусқа дейін көтерілуіне байланысты облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

28-29 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. 28-29 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 28 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

29 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

29 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан, жел соғады, күндіз облыстың солтүстігік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 маусымда күндіз Қостанай облысының шығысында, батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.       

29 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

29 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

29 маусымда таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 маусымда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 маусымда Қарағанды облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады,  күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде  15-20 м/с.

29 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

29 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 25 - 30 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін сақталуына байланысты  өрт қауіпінің төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

27-29 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 - 29 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 - 30 маусымда Алматы, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 - 30 маусымда Түркістан облысының оңтүстігінде 45-46 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 - 30 маусымда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

 

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы