
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 28-30 маусым күндері күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында 23 - 26 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 24 - 27 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде 23 - 27 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 25 - 30 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін сақталуына байланысты өрт қауіпінің төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Шымкент, Түркістан қ.: 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 25 - 30 маусым аралығында қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
27 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
27 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
27-29 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
27 - 29 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
27 - 30 маусымда Алматы, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы қ.: 27 - 30 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 27 - 30 маусымда күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 - 30 маусымда Түркістан облысының оңтүстігінде 45-46 градус өте қатты ыстық күтіледі.
27 - 30 маусымда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысында 26 - 28 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-38 градусқа дейін көтерілуіне байланысты облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Павлодар облысында 26 - 28 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-37 градусқа дейін көтерілуіне байланысты облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Павлодар қ: 26 - 28 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-37 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
28 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 28 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
28 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 28 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
28 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі.Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 28 маусымда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
28 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 28 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
28 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Астана қ.: 28 маусымда күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Көкшетау қ.: 28 маусымда күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.
28 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Петропавл қ.: 28 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
28 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36, облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 28 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
28 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 28 маусымда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 маусымда Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте, орталықта күші 15-20 м/с. Семей қ.: 28 маусымда күндіз қатты ыстық 37 градус сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 маусымда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста күші 15-20 м/с. Өскемен қ.: 28 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 19 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 28 маусымда күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
28-29 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. 28-29 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 28 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі. 28 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 28 маусымда күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады.
28 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
28 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25 м/с.
Қызылорда қ.: 28 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады 15-20 м/с.