МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауыл ескерту

«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 24-30 маусым күндері күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 21 - 23 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 20 - 24 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін көтерілуіне байланысты  жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 20 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 21 - 24 маусым аралығында төтенше  (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Шымкент, Түркістан қ.: 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігі сақталады.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 23 - 25 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 23 - 25 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында 23 - 26 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 24 - 27 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде 23 - 27 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 25 - 30 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін сақталуына байланысты  өрт қауіпінің төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Шымкент, Түркістан қ.: 25 - 30 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігі сақталады.

Тараз қ.: 25 - 30 маусым аралығында қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше                      (5 класс ) өрт қауіптілігі сақталады.

24 маусымда Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Астана қ.: 24 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл.
Көкшетау қ.: 24 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл.

24 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 24 маусымда күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

24 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 25 маусымда таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 24-25 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Тараз қ.: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі. 24 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.       

24 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 24 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 24 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 24 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

24 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 24 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с.
Петропавл қ.: 24 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.  Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.  

г. Павлодар: 24 маусымда танертең және күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

24 маусымда күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 24 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

24 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында, батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі.Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 24 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

24 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігініде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 24 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.

24 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Семей қ.: 24 маусымда күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі.

24 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың  оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 24 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

24 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 24 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

24 маусым Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 24 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

24 маусымда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 24 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

24 маусымда Қостанай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанай қ.: 24 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
22 июня 2024
Дата обновления
23 июня 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы