
Информация о землетрясении
20.06. в 16-36 сетью сейсмических станций ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК зарегистрировано землетрясение. Координаты землетрясения: 40.227º с.ш. 77.569º в.д. Очаг землетрясения располагается на территории Китая и Киргизстана в 335 км. на юг от г.Алматы. Интенсивность (в баллах) составила: г.Алматы 2.0 балла.
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 21 маусымда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шымкент қ.: 21 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігі сақталады.
Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 21 - 22 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 21 - 23 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 20 - 24 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде 20 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 21 - 24 маусым аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.
20-22 маусымда Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарына найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық.
21 маусымда күндіз Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
21 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 маусымда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
21 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 маусымда түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтінше өрт қауіпі сақталады.
21 маусым күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
21 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық 39 градус сақталады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
21 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 маусымда таңертең және күндіз Павлодар облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.