
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 17 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Шымкент, Түркістан қ.: 11-20 маусым аралығында күндіз қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 11-20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Атырау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Маңғыстау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 43-45 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Қостанай облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-38 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Ұлытау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында күндіз 11 - 20 маусым аралығында қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
15 маусымда күндіз Атырау облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 15-20 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 15-17 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-17 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
17 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады.
17 маусымда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 36-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
17 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.
17 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағайда, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағайда 15-20, екпіні 23 м/с.
17 маусымда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
17 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады.
17 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
17 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.