
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 16-20 маусым күндері күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 11-20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Атырау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Маңғыстау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 43-45 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Қостанай облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-38 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Ұлытау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында күндіз 11 - 20 маусым аралығында қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
Шымкент, Түркістан қ.: 11-20 маусым аралығында күндіз қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.
15 маусымда күндіз Атырау облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ: 15 маусымда күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады. 15-20 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 15-17 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-17 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15-17 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
16 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.
16 маусымда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 16 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
16 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 16 маусымда түнде найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
16 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
16 маусымда Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Жезказган қ.: 16 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
16 маусымда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Астана қ.: 16 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Күндіз 16 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, найзағайда екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
16 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қ.: 16 маусымда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.
16 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 16 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 16 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. 16 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
16 маусымда Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қ: 16 маусымда күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
16 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
16 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Қостанай қ.: 16 маусымда күндіз найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.