МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 13 маусымда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 13 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 11-20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Атырау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40-43 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық   43-45 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.

Қостанай облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының қатты ыстық 35-38 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Ұлытау облысында 11 - 20 маусым аралығында күндіз ауа температурасының өте қатты ыстық 40 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жоғары өрт қауіптілігінің (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында күндіз 11 - 20 маусым аралығында қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.

Шымкент, Түркістан қ.: 11-20 маусым аралығында күндіз қатты ыстықтың сақталуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігі сақталады.

Күндіз 12, тәулік бойы 13-14 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 12-14 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

13 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

13 маусымда күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық.

13 маусымда  Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 17-22 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 маусымда күндіз Ақтөбе облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 маусымда түнде Абай облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың  орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

13 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

13 маусымда Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

13 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

13 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

13 маусымда Ұлытау облысының  шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

13 маусымда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы