МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 09 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 07-10 маусым аралығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында 05-07 маусым аралығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс)  төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Ақтөбе облысының күндіз батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 05-07 маусым аралығында 30-35 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз 05-09 маусым аралығында 38-43 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Түркістан облысында күндіз 05-10 маусым аралығында ауа температурасы 32-37 градус жылыдан 37-42 градус қатты ыстыққа дейін жоғарлауы, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 35-40 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Тараз қ.: күндіз 05-10 маусым аралығында 36-38 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Алматы облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Жетісу облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

07 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

08-12 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарылауы күтіледі.

09 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай  күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың  солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 09-10 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 09 маусымда облыстың таулы аудандарында, күндіз 10 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

09 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда күндіз Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

09 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 маусымда Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

09 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

09 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында,  күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
08 июня 2024
Дата обновления
08 июня 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы