
Жер сілкінісі туралы ақпарат
4 маусымда сағат 22-00-де ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары 40.40-77.00. Жер сілкінісінің ошағы: Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 312 км жерде орналасқан.
Болжалды қарқындылық: сезілмеді.
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 03-05 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 03 маусымда таңертең және күндіз, 04-05 маусымда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 03-05 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында 05-07 маусым аралығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Ақтөбе облысының күндіз батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 05-07 маусым аралығында 30-35 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз 05-09 маусым аралығында 38-43 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Түркістан облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 32-37 градус жылыдан 37-42 градус қатты ыстыққа дейін жоғарлауы, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 35-40 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 05-10 маусым аралығында 36-38 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Алматы облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
Жетісу облысында күндіз 05-10 маусым аралығында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.
05 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
05 маусымда Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, шығысына бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
05 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
05 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
05 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда Түркістан облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
05-07 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупы күтіледі.
05 маусымда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
05 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.