
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 04-05 маусымда күтілетін
қауіпті құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Күндіз 03-05 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 03 маусымда таңертең және күндіз, 04-05 маусымда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 03-05 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупы күтіледі.
04 маусым Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 04 маусымда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
04 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 04 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.
04 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Көкшетау қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
04 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
04 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 04 маусымда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
04 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.