
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 01 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.
01 маусымда Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысындажоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 01-02 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 01 маусымда найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 02 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 01-02 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
01 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
01 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
01 маусым күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
01 маусымда күндіз Атырау облысында облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзайғай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
01 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
01 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
01 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
01 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
01 маусымда түнде Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.