МЧС

Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі туралы ақпарат  және «Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Жер сілкінісі туралы ақпарат 

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 31 мамырда Астана уақыты бойынша 10 сағат 13 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің координаттары 43.21 75.20.
Жер сілкінісі ошағы ҚР аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 132 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы: Жамбыл облысы Қордай кентінде 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.

 

«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 31 мамырда-01 маусымда күтілетін
қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

ҚХР аумағынан ағынның ұлғаюы нәтижесінде Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Сағат 16.30-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 498 см (қауіпті деңгей – 500 см). Гидрологиялық бекетте су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, сонымен қатар су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті су деңгейінен асқан жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

30 мамыр-01 маусымда Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 30 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30-31 мамырда Жамбыл облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                             

31 мамырда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.           

31 мамырда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

31 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 31 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

31 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

31 мамырда күндіз Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

31 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

31 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, Жәнібек ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

31 мамырда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

31 мамырда Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 мамырда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 мамырда күндіз Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

31 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман.

Қарағанды қ.: 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Дата публикации
30 мая 2024
Дата обновления
30 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы