
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 30 мамырда-01 маусымда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
30 мамыр-01 маусымда Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 30 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
30-31 мамырда Жамбыл облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 30 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Астана қ.: 30 мамырда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 30 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
30 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
30 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
30 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқаған қ.: 30 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 30 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 мамырда Ақтөбе облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
30 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, Жәнібек ауданының батыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 30 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.
30 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
30 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 30 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
30 мамырда Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда қ.: 30 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.