МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 28 мамырда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

28 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

28 мамырда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.  Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

28 мамырда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

28 мамырда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

28 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

28 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

28 мамырда түнде Ұлытау облысының орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

28 мамырда түнде Қарағанды облысының шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

28 мамырда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

28 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екіпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 28, тәулік бойы 29 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде      екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 мамырда Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

28 мамырда түнде Алматы облысының тау етегіндегі аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

28 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 мамырда түнде Ақтөбе облысында солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

28 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

28 мамырда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
27 мая 2024
Дата обновления
27 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы