МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 27 мамырда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары, ауа-райының күрт өзгеруі және қар көшкіні қауіпі туралы дауылды ескертулер

2024 жылдың 25-27 мамырында қатты жауын-шашын болжамына байланысты, 25-27 мамыр аралығында Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Іле өзенінің бүйірлік ағындарының ұлғаю салдарынан Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 489 см (қауіпті деңгей – 500 см).

Тауларда қардың қарқынды еруі мен жауын-шашынның салдарынан Бартогай су қоймасынан жоғары – Шілік ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 404 см (қауіпті деңгей – 424 см).

Бартоғай су қоймасынан су тасталымы нәтижесінен Малыбай а. – Шілік ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 171 см (қауіпті деңгей – 186 см).

Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле ө. гидрологиялық бекетінен келетін судың ұлғаюына байланысты Қапшағай қ. – Қапшағай су қоймасы гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалуда. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 1148 см (қауіпті деңгей – 1150 см).

Гидрологиялық бекеттерде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, сонымен қатар су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті су деңгейінен асқан жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

26 мамырда Қарағанды облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасының түнде 2-7, облыстың оңтүстік-шығысында 10 градус жылыға, облыстың батысында 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында  жауын-шашын (жаңбыр сулы қарға ауысады), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 23-28, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 3-8 градус жылыға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында  қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 13-18, таулы аудандарында 10  градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

26 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде  қатты жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 26-27 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-15, облыстың таулы аудандарында 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

26 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында қатты жаңбыр жауады. 26-27 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-15, облыстың таулы аудандарында 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 мамырда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

27 мамырда Абай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылыға дейін, облыстың оңтүстігінде, орталығында  2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27 мамырда Шығыс-Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығыснда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылыға дейін, облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай: 27 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.                                                                                  

27 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 27 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Павлодар қ: 27 мамырда батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Астана қ.: 27 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

27 мамырда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай,  күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 27 мамырда күңдіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күңдіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқаған қ.: 27 мамырда Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Өскемен қ.: 27 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні    15-20 м/с.

27 мамырда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 27 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Алматы қ.: 27 мамырда түнде тұман күтіледі. Қонаев қ.: 27 мамырда түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

27 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтобе қ.: 27 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

27 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 27 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

27 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 27 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде  жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
24 мая 2024
Дата обновления
26 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы