МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 23-25 мамырда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар және ауа-райының күрт өзгеруі туралы дауылды ескертулер 

24 мамырда Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 25 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) жауады. 24-25 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығыс бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 24-25 мамырда түнде облыстың солтүстік-батысында 1-3 градус үсік күтіледі.

24 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жабыр жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. 25 мамырда түнде облыстың шығыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр. 24-25 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 24-25 мамырда түнде облыстың солтүстік-батысында 1-3 градус үсік күтіледі.

24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында  жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. 25 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады). 24-25 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде  15-20, екпіні 23-28 м/с. 24-25 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

24 мамырда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 25 мамырда жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

24 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

23 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 23 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

23 мамырда түнде Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 23 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

23 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.                                                                            

23 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 23 мамырда түнде найзағай күтіледі.                              

23 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 23 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. 

23 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі.

 23 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.
г. Павлодар: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

23 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 23 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

23 мамырда түнде Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 мамырда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

23 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

23 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

23 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

23 мамырда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі.

23 мамырда Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
21 мая 2024
Дата обновления
22 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы