МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Жер сілкінісі туралы ақпарат

ҚР ТЖМ «ҰҒҒСН И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 20 мамыр 2024ж. Алматы уақыты бойынша 10 сағат 10 мин 24 сек (20 мамыр 2024 05 сағат 10 мин 24 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 308 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.9. MPV магнитудасы 5.7. Эпицентр координаттары 40.43 ° с.е. 77.03 ° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезімталдығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): г. Алматы 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

2024 жылдың 20 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Астана қ.: 20 мамырда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 20 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

20 мамырда түнде кей уақыттарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

20 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 мамырда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 мамыр түнде Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 17-22 м/с, күндіз кей уақытта 27 м/с.

20 мамырда Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

20 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші     15-20, екпіні 23, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с сақталады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 мамырда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.  Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 мамырда күндіз Ұлытау облысының батысында найзағай. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

20 мамырда түнде Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

20 мамырда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

20 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

20 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.  

Дата публикации
19 мая 2024
Дата обновления
19 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы