МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер «Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 19-20 мамырда күтілетін қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

2024 жылдың 19-20 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

19 мамыр Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

19 мамыр Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

18-19 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, 18 мамырда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, 19 мамырда облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. 18 мамырда кей уақытта найзағай, дауыл, 19 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. 18 мамырда жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың орталығында күші 23-28 м/с күтіледі. 18 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 18 мамырда күндіз қатты жаңбыр, кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан  оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с.                                                                            

18 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 19 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 18 мамырда күндіз найзағй күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с 19 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

19 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 19 мамырда найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

19 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.Шымкент қ.: 19 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Туркестан қ.: 19 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

19 мамырда Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Алматы қ.: 19 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 19 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде  кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 19 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

19 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Астана қ.: 19 мамыр найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 19 мамырда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Павлодар қ: 19 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 19 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 19 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

19 мамырда Қостанай облысының батысында, шығысында,  орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 19 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.    

19 мамырда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 19 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

19 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

19 мамырда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

19 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
17 мая 2024
Дата обновления
18 мая 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы