МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылдық ескертулер сақталады:

2024 жылғы 15 мамырдан

2024 жылдың 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.  Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Алматы қ.: кешке 16, түнде 17 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Кешке 16, түнде 17 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз 16 мамырда облыстың  солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с, күндіз 16, түнде 17 мамырда кей уақытта 27 м/с. Қонаев қ.: күндіз 16, түнде 17 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Күндіз 16 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 16, түнде 17 мамырда екпіні 17-22 м/с, кешке кей уақытта 27 м/с.

2024 жылғы 16 мамырдан

Шымкент қ.: 17 мамырда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

17 мамырда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 мамырда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай  күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ: 17 мамырда түнде найзағай күтіледі.                                                                      

17 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 17 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады,  екпіні 15-20 м/с

17 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 17 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

17 мамырда таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.         

17 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 17 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 17 мамырда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

17 мамыр Ұлытау облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезказған қ.: 17 мамырда күңдіз найзағай күтіледі.

17 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

17 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

17 мамырда түнде Абай облысының шығысында тұман, облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 мамырда Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
16 мая 2024
Дата обновления
16 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы